Азиядағы ең бай банкир рупийді резервтік валютаға айналдыруды ұсынды

Жарияланды

Үндістанның ең ірі банктерінің бірі Kotak Mahindra  Bank  бас директоры Удай Котак долларды «әлемдегі ең ірі қаржылық террорист» деп атады. Ол рупийді резервтік валютаға айналдыруды ұсынды. Бұл туралы ол Делидегі ETAwards бизнес және қаржы саясаты сыйлығын тапсыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлады Тhe Economic Times газеті.

«Мен әлемдегі ең ірі қаржылық террорист АҚШ доллары деп санаймын. Бүкіл әлем «баламалы резервтік валютаны іздейді», – деді банкир.

Оның айтуынша, рупий осындай валютаға айналуы мүмкін, бірақ бұл Үндістанға шамамен 10 жыл қажет.

Сондай-ақ оқыңыз