Еліміздегі онлайн білім платформаларының табысы артты

Жарияланды

Еліміздегі онлайн білім платформалары жылдық қаржы айналымын 30 млн долларға жеткізді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Мамандар мұндай технологияға сұраныстың күрт артқанын байқап отыр. Жағдай пандемия кезінде өзгерді. Яғни қашықтан білім беру үдерісі айти сала жұмысын жетілдіруге сеп болды. Қазір еліміз бұл сала бойынша Орталық Азияда көшбасшы.

  Мәселен Өзбекстанда «EdTech» өнімдерінің қаржы айналымы тек 50 мың долларды құрайды. Сондықтан көршіміз қазақстандық тәжірибені меңгеріп, қолданысқа енгізуге ниетті. Осы мақсатта «Орталық Азияның онлайн білім беру технологиялары» қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстанның 8, ал Өзбекстанның 4 компаниясы бірікті. Тараптар алдағы уақытта онлайн білім беру бағдарламаларын бірлесіп жетілдіріп, ауқымын кеңейтпек.

Сондай-ақ оқыңыз