Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь шахматтан он жетінші әлем чемпионы атанды

Жарияланды

Астанада өткен Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы тартысты ойын аяқталды. Нәтижесінде Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь шахматтан он жетінші әлем чемпионы атанды.

Титулдың тағдыры тай-брейкте шешілді. Мамандардың айтуынша, экспресс шахматтан өткен жарыс жоғары деңгейде болған.

«Алғашқы үш ойын тең аяқталды. Төртіншісінде, Дин жеңіске деген ерекше ерік-жігерін көрсетіп, өзі үшін сәтсіздеу басталған жекпе-жектің бағытын өзгерте білді. Матчтың жалпы есебі 9,5:8,5. Жеңімпазды құттықтаймыз!»-,делінген хабарламада.

CEO Freedom Holding Corp., Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, Қазақстанда өткен әлем чемпионаты еліміз үшін үлкен мәртебе.

Жүлде қоры 2 миллион еуроны құрайтын іс-шараның бас серіктесі Freedom Holding Corp болып табылады.

Көптеген ойыншылар мен шахмат сарапшылары тарихи матчтың тартысты өтуіне байланысты пікір білдірді.

«Ойынның тартысты өтуі екі қарсыластың күшті соққы беруінде»,- дейді14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник.

Биыл өз атағын қорғаудан бас тартқан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қарсыластардың әрқайсысы өздеріне сенімді болғанын жеткізді.

Дин Лижэнь баспасөз мәслихатында ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ол елордада серуендеп, көптеген фотосуреттер түсіргенін атап өтті. Астана оның жүрегінде мәңгі ерекше қала ретінде қалмақ. Ал Ян Непомнящий бүкіл турнирде жеңіске жету үшін көптеген мүмкіндіктер болғанын, бірақ оларды дұрыс пайдаланбағанын атап өтті.

Астанада бір айға жуық уақытқа созылған үлкен шахмат мерекесі Қытай гроссмейстерінің жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз