Францияда 1 мамырда шеруіге жүздеген мың адам жиналып, халықтың көңілінен шықпаған зейнетақы реформасына наразылық білдірді. Бұл туралы Euronews хабарлады.
100-ден астам полиция мен жандарм Франциядағы зейнетақы реформасына қарсы Еңбек күніне арналған наразылық акцияларында жарақат алды.
Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, Парижде 20 тәртіп сақшысы жараланған. Бүкіл ел бойынша 300-ге жуық демонстрант ұсталды.
ІІМ айтуы бойынша, Франциядағы манифестацияларға барлығы 800 мыңға жуық адам қатысты. Ұйымдастырушылар бұл санды әлдеқайда жоғары дейді.
Зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке дейін ұлғайтып, бірқатар арнайы зейнетақы режимдерін алып тастайтын зейнетақы реформасы туралы заң күзде күшіне енеді деп күтілуде.
Үкіметтің дауысқа салмай көтерген бастамасы бүкіл елде наразылық пен ереуіл тудырды.
«Біз келіспейтінімізді айта береміз, қайталай береміз», – деді демонстранттардың бірі.
«Зейнеткерлікке шыққанша берілмеймін!» – деді тағы бір Париж тұрғыны.