Кенияда 100-ден астам сектант аштықтан көз жұмды
Жарияланды
Кенияда көп тамақ ішпеуге үгіттейтін секта құрбандарының саны 100 адамнан асты. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Мерзімінен бұрын қайтыс болғандардың арасында балалар көп. «Қызыл Крест» ұйымы тағы 300-ден астам кісінің хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін айтады. Сондықтан қаза тапқандар қатары әлі де өсуі мүмкін.
Аталған сектаның көсемі «Исамен жұмақта кездесу» үшін ас-судан бас тартуға үгіттеген. Ол қазір қамауда. Сот ісі бүгін басталуы керек. Осы сәтке дейін 44 адам құтқарылған. Кенияның Ішкі істер министрі бұл оқиғаны «жаппай кісі өлтіру» деп бағалады.