«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» газ өңдеу зауытында өрт шығып,4 адам зардап шекті
Жарияланды

Фото: Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті
1 мамыр күні күндіззі сағат төрттер шамасында Аөтөбе облысы Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғысында өрт шыққан.
«Күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты» деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінен.
Өрт кешкі сағат 20:35-те оқшауланған. Өрттің ауданы мен себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.