Токеномика деген не? Ол не үшін қажет?
Фото: kursiv.media
Кейінгі жылдары шыққан терминдердің ішінде токеномика да бар. Бұл «токен» мен «экономиканың» қосылып, бір сөзге біріккенінен шыққан. Яғни крипто-токеннің ұсынысы мен сұранысын сипаттауға қолданылады. Токеномика токендер жүйесінің механикасына жатады. Сонымен бірге оған әсер етуі мүмкін психологиялық және мінез-құлық факторларына да қатысты термин. Бүгінгі материалымызда осы тақырыпты талдаймыз.
Расында, токен моделі жан-жақты ойластырылса, онда жобаның сәтті іске асып кету ықтималы жоғары. Ал енді жүрдім-бардым жасалған болса, ойыңыздағы дүниеге қол жеткізе алмауыңыз мүмкін. Сонымен токеномика деген не? Мемлекеттік валютамен салыстырғанда токендерде келісіліп, бекітілген белгілі бір құн болмайды. Қанша токен өндіріліп жатыр, қаншасы шығарылып жатыр, оны қалай қолдануға болады — осының бәрі бірігіп, құндылығын анықтайды. Яғни осы сынды элементтер токеннің болашағын шешеді.
Ұзақмерзімді жоба ретінде іске асыру үшін жасаушылар көпшіліктің қатысуын ынталандыратын небір механизм енгізуге барын салады. Бірі майниң жасайды, бір бәс қояды. Сан түрлі әдісі бар. Мұндай стимуляцияның қандай механизмі болса да, ол әдетте хаттамамен жұмыс істеуге арнап жасалады. Яғни қатысушылардың белсенді ат салысып, адал болғанына басымдық береді. Мысалы майниңді алып қарайтын болсақ, олар майнерлерді желіні қорғауға шақырып, сол үшін сыйақы беруді қарастырады. Жасаушылар токендер ұсынысын алдын-ала анықтап қояды. Ол болса, токеннің құнына әжептәуір әсер етуі мүмкін. Токен жасалған кезде жоба қолда бар токеннің бәрін нарыққа шығара салмайды. Өйткені токенге толы нарықта оның бағасы құлдырып кетеді. Сол себепті жоспарлап барып әрекет етеді. Алдымен қанша токен шығарылады, кейіннен қаншасы айналымға кетеді — бәрі ойластырылады. Айталық, биткойнның жалпы құны 21 миллион монета делік. Бірақ айналымға бәрі бірден шығарылмайды. Олар араға уақыт салып, біртіндеп енгізіледі.
Ұсыныс
Экономикада барлығы ұсыныс пен сұраныс айналасында жүреді. Токеномикада да солай. Ең маңызды аспектілердің бірі саналады. Биткойнға кейінгі кездері сұраныстың шамадан тыс артып кетуінің басты себептерінің бірі деп биткойн санының шектеулі болғаны дей аламыз. Оны «дижитал алтын» деп атайтыны да сондықтан. Бітуге қалған кезде бапшылық басталады. Ал ол болса, теорияға салсақ, сұранысты арттырады. Бұл ретте максимум қорды да, токеннің айналма қорын да бақылауда ұстауға болады. Биткойнның максимум ұсынысы бар. Ал Эфириумда — жоқ. Дегенмен инфляциядан қашу үшін Ethereum токендерін жағу арқылы тұрақты айналым жасалып отыр.
Токендерді жағу деген не? Бұл — токенді өшіру немесе қолданылмайтын әмиян мекенжайына жіберіп, айналымнан шығару процесі. Токен жаққан сайын ұсыныс азаяды, бірақ бағасы өсуі мүмкін. Өйткені саны азайып бара жатыр, тапшы болады. Осының барлығы арнайы код арқылы орындалатындай етіп жасалған.
Ойын теориясы
Бір қарағанда тақырып өте күрделі секілді. Басында қызығып, бастағанымен, шамалы қиындыққа тап болғанда кейбірі тастап кетіп жатады. Осылай сатылымға шығарған кезде токен бағасы түсіп, түгел жобаны құрдымға кетіруі мүмкін. Ал негізі бәрін жан-жақсы ойластырса, мұндай жағымсыз жайттардан сақтануға болады. Қалай десеңіз, бұл ретте ойын теориясымен таныс болған дұрыс. Ол дегеніміз — нүктесін қоятын адамдардың мінез-құлқын болжауға мүмкіндік беретін математикалық модельдерді қолдана отырып, шешім шығаратынын зерттеу теориясы. Криптовалюта әлемінде қысқаша айтқанда, токен иелерінің белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайтынын зерттейді. Ол үшін бір мысал түрінде алып көрелік. Токеніңізді орналастыру не бұғаттау токен иелеріне сыйақы береді. Токендеріңізді бұғаттағаныңыз үшін хаттамада белгілі бір үлесін аласыз. Неғұрлым көп бәс тіккен сайын, көбірек табасыз. Ал ол болса, стейкерлерге токендерін шешіп алмауға себеп болады. Егер қауымдастық мүшелеріне дұрыстап стимуляция жасай алсаңыз, токеніңіз алдағы уақытта да сұраныста болып, пайдасын тигізеді.
Тобықтай түйіні
Токеномикаға қатысты әркім әртүрлі баға береді. Бірақ есіңізде болсын: қолыңызда бар кез келген токен сіздің құндылықтарыңызға толықтай сай болады. Егер осы саланы жақсы түсініп алсаңыз, жобалар құжаттамасын оқығанда, ресми құжаттарға қарағанда тез түсініп аласыз.