Алдағы 5 жылда еңбек нарығы қалай өзгереді?
Дүниежүзілік экономикалық форум «Жұмыс орындарының болашағы 2023» есебін жариялады. Стратегиялық бастамалар орталығы осы есептің ықшамдалған нұсқасын ұсынып отыр.
Бұл есепте алдағы бес жылдағы елдер, өңірлер, салалар мен кәсіби дағдылар бойынша еңбек нарығының дамуы туралы зерттеу нәтижелері берілген
Бұл баяндамаға сәйкес, алдағы 5 жылда жұмыс орындары 3 негізгі фактордың әсерінен өзгереді: – экологиялық және әлеуметтік стандарттар (ESG), – жаңа технологиялар, – экономикалық өсудің баяулауы.
«Жасыл» бизнеске инвестиция салу, ESG стандарттарын қолдану және жеткізілім тізбегін локализациялау жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың жартысынан көбінде технологиялық прогресс жаңа жұмыс орындарын ашылуына әсер етсе, кәсіпорындардың 20%-де бұл жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі.
Макротендтер мен технология жұмыс орны санының өсуі мен қысқаруына тікелей әсер етеді. Жылдам өсіп келе жатқан салалар: Жасанды зерде мамандары, тұрақты даму мамандары, бизнес-аналитиктер және ақпараттық қауіпсіздік мамандары, жаңартылатын энергия инженерлері. Кеңсе қызметкерлері мен хатшылық лауазымдар ең жылдам өзектілігін жоғалтатын мамандықтар болады.
Аналитикалық және креативті ойлау 2023 жылы жұмысшылар үшін ең маңызды біліктілік талабы.
Жұмыс орнындағы өзгерістерге бейімделе алу да маңызды біліктілік болып саналмақ. Технологиялық сауат – өзіне сенімді болу мен зейінділіктен де маңызды. Эмпатия мен белсенді тыңдау, көшбасшылық және сапаны бақылау да үздік 10 біліктіліктердің ішінде ерекшеленеді.
Алдағы 5 жылда жұмысшылардың 44%-ның негізгі біліктілік тізімі өзгереді. Когнитивті біліктіліктер маңыздылығы тез артады. Креативті ойлау және техникалық сауаттылық маңызы да өсуде. Топтық жұмыстан гөрі жеке тиімділік жоғары бағаланады. Қызығушылық, төзім және мотивация ең маңызды әлеуметтік-эмоционалды біліктілік болмақ. Жүйелі ойлау, ЖЗ, адам ресурстарын басқару және тұтынушыларға қызмет көрсету маңыздылығы артып келе жатқан алғашқы 10 біліктіліктерді толықтырады. Кейбір компаниялар жұмысшылар үшін оқу, жазу, математика, жаһандық азаматтық, сенсорлық біліктілік және қол ептілігінің маңыздылығы төмендейді деп санайды.
Жұмыс берушілер алдағы 5 жылда еңбек нарығындағы жұмыс орындарының 23%-да құрылымдық өзгерістер болады деп болжап отыр. Жүк тасымалдау, транспорт, БАҚ, ойын-сауық, спорт, өндіріс, бөлшек және көтерме саудада көптеген жұмыс орындары ашылып, осы салалардағы кей машық иелеріне сұраныс жойылуы мүмкін.
Есепте көрсетілген 673 миллион жұмыс орнының ішінде респонденттер 69 миллион жұмыс орны артады және 83 миллион жұмыс орны қысқарады деп күтеді.
Кәсіпорындардың автоматтануы күтілгеннен баяуырақ жүруде.Бүгінгі таңда машиналар бизнес-тапсырмалардың 34%, ал адамдар – 66% орындайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1%-ға ғана артық. Ал, респонденттер бизнес тапсырмаларының 43%-ы 2027 жылға қарай автоматтандырылады деп болжайды.
2027 жылы тапсырмаларды автоматтандыру шешім қабылдау (35%) және ақпаратты және деректерді өңдеу (65%) қамтиды деп күтілуде. ЖЗ – компаниялардың 75%-на енгізіледі деп күтілуде: ұйымдардың 50%-ы жұмыс орындарының өсуін күтеді, ал 25% – жұмыс орындарының қысқартылуын болжайды.
Ұйымдар өздерінің қазіргі жұмыс күшін дамытуға сенімді, бірақ алдағы 5 жылда жұмыс күшіне деген сұраныс өзгереді. Біліктіліктің жетіспеуі және таланттарды тарту мүмкін болмауы саланы өзгертуге кедергі келтіретін негізгі факторлар болмақ.
Бұл мәселені шешу үшін компаниялардың 48%-ы кадрларды дамыту және жоғарылату процестерін жақсартуға басымдық береді. Одан кейін, жоғары жалақы (36%) және тиімді қайта даярлау және біліктілікті арттыру (34%) процестеріне мән береді.
2027 жылға қарай 10 жұмысшының 6-ы оқуды қажет етеді, бірақ қазіргі уақытта жұмысшылардың тек жартысы ғана тиісті оқу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. 2023-2027 жылдары біліктілікті шыңдауда екі нәрсеге басымдық берілмек: аналитикалық ойлау (оқу бастамаларының 10%-ын құрайды) және креативті ойлауды дамыту (8%).
Компаниялардың 2/3 бөлігі жұмыс мобильділігін арттыру, қызметкерлердің көңілін аулау және өнімділікті арттыру арқылы 1 жыл ішінде оқытуға салынған инвестицияның қайтуын күтеді.
Өздерінің инклюзивті бағдарламаларының (Diversity, Equity and Inclusion, DEI) бөлігі ретінде компаниялардың көпшілігі әйелдерге (79%), 25 жасқа дейінгі жастарға (68%) және мүгедектерге (51%) басымдық береді. Компаниялардың аз бөлігі діни, этникалық немесе нәсілдік топтарға (39%), 55 жастан асқан жұмысшыларға (36%), LGBTQI+ (35%) және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жұмысшыларға (33%) басымдық береді.