Алматыда автотұрақтар үшін төлем қабылдау басталды
Жарияланды

Алматы қаласының әкімдігі қалалық автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабароады.
«Жақында мегаполистің ақылы автотұрақтары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды. Енді оларды бірыңғай оператор – «Алматы автотұрағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басқарады. Қалалық автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Төлем тарифке сәйкес алынады», делінген хабарламада.
Мегаполис әкімшілігі автотұрақ үшін төлем жүргізілмеген жағдайда айыппұл салынатынын ескертті.