Jusan Bank 2022 жылға дивиденттер төлемеу туралы шешім қабылдады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

«First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Мұндай шешім «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлерінің 2-мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында қабылданған.

«Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: – тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен банктің 2022 жылға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; – банктің 2022 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: – банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін; – банктің 2022 жылдағы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске бағытталсын», делінген хабарламада.

Банктің мұнай шешім қабылдауына Үкіметте әзірленіп жатқан заң жобасы ықпал еткен болуы мүмкін. Онда мемлекеттен қаржылай қолдау алған банктерге пайдасынан дивидент төлеуге тыйым салу көзделген болатын.

Наурыз айында ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен қаржылық тұрақтылық бағдарламасы бойынша қаржылай көмек алған қазақстандық алты банкті атаған ед. Олардың арсында Jusan Bank те бар.  

Сондай-ақ оқыңыз