
Кремль Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
«Әскери және арнайы қызметтердің әрекеттері нәтижесінде аппараттар істен шығарылды», – делінген БАҚ мәліметінде.
Кремль бұл әрекеттерді 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында жоспарланған террористік акция және президентке жасалған қастандық деп санайды.
Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде Ресей президенті Владимир Путин зардап шекпегені, оның жұмыс кестесі өзгермегені, әдеттегідей жалғасып жатқаны айтылды