Фото: www.shutterstock.com
Кеше АҚШ индекстері құлдырағаны сол еді, Азия қор нарықтары да теріс мәнде жабылды. Қытай биржасы Еңбек күніне орай, ал Жапония нарығы Конституция күніне байланысты жабық болды, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Инвесторлар Федералды резерв жүйесінің екі күндік отырысы нәтижесін күтіп отыр. Ол 3 мамырда аяқталады. Сарапшылар Федрезерв базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа арттырады деп санайды. Егер болжам негізделсе, мөлшерлеме оныншы отырыс қорытындысы бойынша көтерілемек. Оның деңгейі 2007 жылғы қыркүйектен бергі жылдық 5-5,25%-ға жетеді.
Нарыққа АҚШ регуляторы First Republic Bank-тің активтері мен депозиттерінің негізгі бөлігін JPMorgan Chase банкіне бере отырып жапты деген жаңалық қысым көрсетіп жатыр. Бұл банк – АҚШ-тың қаржы жүйесіндегі 2008 жылғы дағдарыстан бері жабылған ең рі банк.
Гонконгтың Hang Seng индексі алдыңғы төрт сессияда көтерілгеннен кейін, 1,2%-ға төмендеді.
Sands China казино операторының акциясы – 4,9% , ENN Energy Holdings Ltd. газ жеткізуші компания акциясы 4,5%-ға арзандады. PetroChina Co., CNOOC және Sinopec компанияларының акциялары 4,4%, 3,3% және 2,9% жоғалтты. Ірі Baidu Inc. интернет-компаниясының бағалы қағазы 3,1%-ға арзандады.
Сонымен қатар, Sunny Optical Technology Group Co. чип өндіруші компания бағалы қағаздарының бағасы төмендеді. Semiconductor Manufacturing International Corp., JD.com, Alibaba акцилары да арзандады.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі бір күнде 0,9%-ға төмендеді. Әлемдегі ең ірі чиптер мен электроника өндірушілерінің бірі Samsung Electronics Co. акциясының бағасы. 0,5%-ға, Hyundai Motor автоөндірушінікі – 0,3%-ға, Posco-нікі 0,5%-ға төмендеді.
Австралиялық S&P/ASX 200 индексі де 1%-ға төмендеген. Осы индекстегі Woodside Energy мен Santos мұнай компанияларының акциясы мұнай бағасының төмендеуінен кейін сәйкесінше 2,3% және 2,5% құлдырады.
Сонымен қатар, банк акциялары: Macquarie Group – 1,2%-ға, Commonwealth Bank of Australia – 1,8%-ға, ANZ Bank – 1,6%-ға, National Australia Bank – 1,9%-ға және Westpac 1,7%-ға арзандады.