Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді

Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз