Жаңалықтар

Сербияда жетінші сынып оқушысы мектепте атыс шығарды. Сегіз бала мен күзетші қаза тапты

сербия
Фото: Kursiv.media

Сербияның Белград қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Оның сегізі оқушы, біреуі күзетші. Бұдан бөлек, тағы бес бала жарақат алған. Жергілікті полиция келтірген мәлімет бойынша, адамдарға оқ жаудырған дәл осы мектептің оқушысы екен. Жетінші сыныпта білім алатын жеткіншек мектепке әкесінің қаруын әкеліп, айналасындағыларға оқ ата бастапты. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Атыс шығарған бала ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.