Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие жылына неше рет беріледі?

В Казахстане меняются правила льготного автокредитования

Индустрия және инфрақұрырылымды дамыту миинстрлігі 4%-дық жеңілдетілген автонесиені жылына екі рет, тіпті бір рет беруді ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Марат Қарабаев мәлім етті.

«500 көлікке қаржы қашан жиналады, содан кейін хабарлаймыз. Қайтарымның қалай болатынына байланысты. Енді жаңа несиелер беріледі, олар да қайтады. Жылына екі рет емес шығар. Айына миллиард жиналып жатыр», деді Марат Қарабаев. 

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиеге енгізілетін жаңа талаптар азаматтардың құқығын шектемейді. Айтуынша, бұл ең алдымен бағдарламаны одан әрі жетілдіру қажет болғанына байланысты қабылданған шешім.

«Алғашқы жарнаны енгізу жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіруге бағытталған. Жалақының шекті мөлшерін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Жалақысы шекті мөлшерден жоғары азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Несиені төлей алатынын растау үшін, азаматтарда кем дегенде 10-15 пайыз алғашқы жарна болуы керек», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ министр өзгерістер 15 мамырға дейін жарияланатынын айтты.

«Енгізілген өзгерістер бағдарламаны келесі іске қосқан кезде күшіне енеді», – деп толықтырды Қарабаев.

Айта кетейік, бұған дейін министр автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырып жатқанын айтты.
Соған сәйкес, 10% бастапқы жарнаны енгізуді қарастырылған. Бұған дейін көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Министрлік несие көлемін төмендетуді әрі көбірек көлік беруді қарастырып жатыр.