QazaqGaz жалғыз акционері – «Самұрық-Қазынаға» дивиденд ретінде 27,1 млрд теңге төледі
Жарияланды
(жаңартылды )

QazaqGaz жалғыз акционері «Самұрық-Қазынаға»дивиденд ретінде 27,1 млрд теңге немесе 2022 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза пайданың 7%-ын төледі.
Тиісті шешім 26 сәуірде өткен QazaqGaz акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданды.
Онда QazaqGaz компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазынаға» дивиденд ретінде 27,1 млрд теңге немесе бір акциясына 72,25 теңге төлеуге шешім қабылдады. Қаражат шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде аударылды.
QazaqGaz таза табысының қалған бөлігі – 359,6 млрд теңге, компанияның иелігінде қалды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша QazaqGaz 386,6 млрд теңге таза пайда тапқан.