Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді

Жарияланды

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз