Қоқыс өңдеу саласына реформа қажет – Қайта өңдеушілер қауымдастығы

Жарияланды

Фото: Shutterstock

«Қазақстанның қайталама шикізат өңдеушілер қауымдастығы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа үндеу жолдады. Қауымдастық өкілдері қайта өңделетін шикізатты жинау және өңдеу саласын шұғыл реформалауды сұрайды.

Еліміздің қайта өңделетін шикізатпен айналысатын кәсіпорындары өнім шығаруға макулатураның, шыны, және пластмассаның жетіспейді. Бұған 2022 жылдан бастап жүргізіліп келген EcoQolday бағдарламасының тоқтап қалуы себеп. Өйткен осыжоба аясында бұл саланың талай қызметкерлері жұмыспен қамтылып, өңдеушілер болса, шикізатпен қамтамасыз етіліп келген. Шикізат жетіспеушілігіне байланысты қазіргі таңда қайта өңдеу зауыттары толық жұмыс істей алмай отыр. Ал шағын кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Оның үстіне көрші елден келетін бір реттік ыдыстар мен қаптамалар арзан болғандықтан нарықта сұранысқа ие.

Осыған байланысты «Қазақстанның қайта өңдеушілер қауымдастығы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа үндеу жолдады.

«Біз Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу саласына реформа жүргізуді сұраймыз. Зауыттарымыз шикізатпен толтырылса дейміз. Сонда ғана біз нарықта бәсекеге қабілетті болып, дайын өнімді экспорттайтын боламыз. Салық төлемдері өседі. Қоқыс реформасы осы секторда жұмыс істейтін ондаған мың адамның жұмысын заңдастыру үшін қажет. Егер шыны мен пластмассаны өңдеу жолға қойылса, әлеуметтік тауарлардың бағасын ұстап тұруға да септігін тигізеді», дейді Қазақстан қайта өңдеушелір қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров.

Қауымдастық өкілдері экологиялық апаттың алдын алу үшін және жағдай күрделен түспей тұрғанда қоқысты қайта өңдеу саласын өзгерту бойынша нақты қадамдар қажет деп санайды. Сонымен қатар мамандар Қазақстанда қалдықтарды жинау және өңдеу қымбат және тиімсіз екенін айтады.

«Қайта өңделетін шикізатты жинау және өңдеу өнеркәсібін реформалауды кешіктірсек, бұл зауыттарының жағдайын одан әрі нашарлатып, оның әлеуметтік-экономикалық салдары ауыр болады», дейді қауымдастық төрағасы.

Қазақстандағы қоқыс полигондарына тасталатын 100 мың тонна пластиктің қазіргі кезде тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделіп, ел экономикасына миллиондаған қаржы әкелсе, қалған 96,5 мың тонна пластик полигондарда жерге көміліп, бей-берекет шіриді.

Ал Шымкент қаласында пластик бөтелкелерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкер Елмұрат Әнуарұлы қоқыс өңдеу кәсібіне үкмітеттен еш қолдау көрсетілмейтінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз