Ресей бағалы қағаздарына қаржы салған қазақстандық инвесторлардың 60 млн доллары бұғатталған
Қазақстандық инвесторлардың 60 миллион долларға жуық қаражаты Euroclear, Clearstream және Ұлттық есеп айырысу депозитарийінде тіркелген ресейлік компаниялардың бағалы қағаздарымен бірге бұғатталды. Бұл туралы ҚР Орталық депозитарийі мәлімдеді.
Бұл сома бұданда артық болуы мүмкін. Өйткен бұл мәліметтер тек бухгалтерлік ұйымдарда ашылған Орталық депозитарийдің шотында есепке алынатын бағалы қағаздардың мәліметі негізінде алынған.
Қазақстандықтардың Euroclear және Clearstream-те есепке алынған қаржылық активтері 56 288 725 доллар, 471 530 еуро және 58 024 фунт стерлинг. Ұлттық есеп айырысу депозитарийінде қазақстандық инвесторлар алдындағы «қарыз» 4 437 898 рубльді құрайды.
Наурыз айында еуропалық депозитарийлер – Euroclear және Clearstream ресейлік Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің шоттарын, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған барлық операцияларды бұғаттап тастады. Салдарынан қазақстандық инвесторлар сатып алған құнды қағаздар да бұғатталды.
Қазан айында қазақстандықтарға акциялары мен облигацияларын Орталық депозитарийдің «С» типті депо шотынан ресейлік депозитарийдегі «С» депо шоттарына аударып, сатуға мүмкіндік берілді. Бірақ бұл тек ресейлік Ұлттық есеп айырысу депозитарийдегі бағалы қағаздар еді. Ал тікелей Euroclear және Clearstream компанияларында есепке алынған қазақстандық инвесторлардың бағалы қағаздары әлі де бұғатта. Ондағы сома әлдеқайда үлкен болуы мүмкін.