Adidas акцияларының құны 7,7% – ға өсуде, Xetra нарығының деректері осындай. Бағалы қағаздар бірінші тоқсандағы кірістердің төмендеуіне және шығындардың өсуіне қарамастан қымбаттап барады.
Спорттық киім өндірушісінің кірісі 0,5% – ға, 5,3 млрд еуроға дейін қысқарды. FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар қаңтар-наурыз айларында 5,08 миллиард еуро деп болжаған еді.
Yeezy дизайнері Канье Уэстпен жасақан келісімшарттың тоқтауы компания кірісін төмендетсе де, әсері анау айтқандай жоғары болған жоқ, деп атап өтті компания. Мысалы, компания дерегінше, Еуропа, Таяу Шығыс және Африканы қамтитын EMEA аймағында сатылымдар 3,1% – ға өскен.
Компанияның қазіргі жұмысынан таза шығын 24 млн еуроны құрады. Бір акцияға шаққандағы шығын өткен жылдың бірінші тоқсанында бір акцияға шаққандағы 1,6 еуро болса, биыл 0,18 еуроны құрады.
Қоймадағы тауар қорының көлемі 5,68 млрд еуроны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% – ға артық. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 300 миллион еуроға төмендеді, деп хабарлады компания.
«Қоймадағы тауар қорларының деңгейі әлі де жоғары…бірақ біз қорлардың деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді Бас директор Бьорн Гильден.
Adidas акцияларының бағасы жыл басынан бері 32,8% – ға өсті.