АҚШ: Суданның бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіргендерге санкция саламыз

Жарияланды

АҚШ Судандағы ұзаққа созылған қақтығысқа байланысты пікір білдірді. АҚШ-тың барлау директоры Эврил Хейнс екі жақтың келіссөздер үстеліне отыруға ынтасы аз деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

«Хартумдағы жалғасып жатқан шайқас нағыз трагедия. Суданның бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне және тұрақтылығына қауіп төндіретін, демократиялық өзгерістерге нұқсан келтіретін барлық адамдарға санкция саламыз»- деді Ақ үйдің басшысы.

ACLED үкіметтік емес ұйымының мәліметі бойынша, қарулы қақтығыс құрбандарының саны 700-ге жақындады. 5 мыңнан астам адам жарақат алды.

БҰҰ хабарлағандай, кем дегенде 115 мың Судан тұрғыны елден кетуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыз