Чарльз III-тің таққа отыру рәсіміне 125 млн долларға жуық қаражат жұмсалады

Жарияланды

Британдық Король Чарльз III-тің таққа отыру рәсіміне байланысты іс-шараларға жұмсалатын шығындар 50-100 миллион фунт стерлингке (63-125 миллион доллар) бағаланады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Карл III-тің таққа отыру 6 мамырда өтеді. Жиынға 2 мыңға жуық VIP қонақтар келмек. Бұл Елизавета II таққа отырған кезден төрт есе аз.

Мерекелік іс-шаралар үш күнге созылады. Оның ішінде дүйсенбі күні демалыс жарияланады. Сонымен қатар, атақты жұлдыздар қатысатын концерт өтеді.

Монархтың таққа отыруы шамамен бір сағатқа созылады.

Сондай-ақ оқыңыз