Казиноның заңгері 20 мың доллар пара бергені үшін 184,5 млн теңге айыппұл төлейді
Жарияланды
Фото: Shutterstock
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл 2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған жиырма есе мөлшерде айыппұл салынған. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды.
«Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды» делінген хабарламада.
Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.