Еліміздің 12 өңірінде еңбек күші артық

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Еліміздің 12 өңірінде облыс халқы еңбек нарығында профицитке (еңбек күшінің артықтығы) тап болып отыр. Бұл өңірлерден халықтың кетуіне жұмысыздық себеп. Оның негізінде өндірісті өсіру, экономиканы әртараптандыру және тиісінше жұмыс орындарын құру бағытындағыэкономикалық сипаттағы проблемалар жатыр. Бұл мәселелерді шешу өңірлердегі көші-қон ахуалының жақсаруына алып келеді және халықтың механикалық ағынын азайтады, деп жазады ERI сарапшылары.

Еңбек нарығы мен көші-қон үрдістеріндегі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өңірлердегі жұмыспен қамтылу мүмкіндігінің халықтың көші-қон мінез-құлқына қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді.

Еңбек нарығындағы жағдай мен көші-қон тенденцияларының арақатынасы Астана және Шымкент қалаларына келетін тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жоғары болатынын байқатқан. Бұл қалаларға халықтың ағылуының басты факторы осы болса керек.

«Алматы қаласына, Маңғыстау және Алматы облыстарына келетін халық еңбек нарығында бәсекеге түседі және жұмыссыздыққа тап болуы мүмкін. Қарағанды облысы, Ұлытау және Абай облыстары сияқты өңірлерде теңдестірілген еңбек нарығына қарамастан салыстырмалы түрде халықтың кетуі байқалады. Шамасы, бұл өңірлердегі халықтың кетуі жұмыспен қамту проблемаларымен байланысты емес», дейді сарапшылар.

Сондай-ақ оқыңыз