Қазақстанда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында жаңа бағдарлама әзірленеді
Бұл құжат шекаралық аумақта ұлттық мүддені қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, шекара қызметінің одан әрі дамуына тың серпін береді. Бұл туралы Бүкілармиялық кеңестің отырысының кулуарында ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов айтты.
«Ушығып келе жатқан геосаяси шиеленіс пен гибридті қақтығыстардың таралуы жаңа сын-қатерлерге алып келеуі мүмкін. Бұл жағдай шекара қауіпсіздігін нығайту бойынша кешенді іс-шара қабылдауға міндеттейді. Осыған орайда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында жаңа бағдарламалық құжатты дайындау мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді Ерлан Алдажұманов.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы өтті.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Бүкілармиялық кеңесте әлемде гибридті соғыс жүріп жатқанын, сол себепті күштік құрылымдардың заман талабына сай болуы қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Бүкілармиялық кеңес кулуарында Қазақстан армиясы қай елдің қаруы бар екенін айтқан болатын.