Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар үлесі азайды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар үлесі азайды. Бұл туралы «Атамекен» сараптамалық қызметі жария етті.

«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік салаға арналған шығындар (білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік салаға арналған шығындар, әлеуметтік көмек және қамсыздандыру) 2023 жылы 8,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің барлық шығындардың 38% пайызын құрады.

Бұдан бір жыл бұрынғы Қаржы министрлігінің Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің деректері бойынша бұл саланың шығындары 47% – ды құраған болатын.

Соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш 2020 жылы 50% деңгейінде атап өтілді.

Бағыттар бөлінісінде 2023 жылы білім беруге 1 262 млрд. теңге жұмсалады деп жоспарланған. Бұл бір жыл бұрын іс жүзінде игерілген қаражаттан 36%-ға төмен.

Дегенмен, биыл республикалық бюджеттен Денсаулық сақтау (2 171 млрд.теңге) мен әлеуметтік көмекке (4 687 млрд. теңге) соңғы бес жылдағы ең көп сома бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз