Медеуде өртпен күрес жалғасуда

Жарияланды

2023 жылғы 7 мамырда 23 сағат 52 минутта Медеу ауданы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштартар (қураған ағаштар) жанып тұрғаны анықталды. Дереу Алматы қаласы ТЖД жеке құрамының 59 адамы мен 15 техника сондай-ақ, МҰТП жедел тобы жіберілді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

8 мамыр күні сағат 01:24-те қызметтік борышын орындау кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

Сондай-ақ, өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы қолынан жарақат алды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) күрделенуде сондай-ақ, Қазавиақұтқарудың су төгетін құрылғысы бар Ми-171, Ми-8 2 тікұшақтары жұмылдырылды.

Оқиға орнында өртті жоюға «Іле Алатау» МҰТП қызметкерлері – 42 адам және ТЖД жеке құрамнан 32 адам мен 5 техника жұмыс істеуде .

Өрттің алдын ала ауданы 3 Га құрайды. 14-45 жағдай бойынша 13 рет (36 тонна) су төгу жұмыстары  жүзеге асырылды. Оңтүстік-шығыс жағын оқшаулауға қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз