Қарағандылық Айдын Есенгелді бір жылдың ішінде Нью-Йорк қаласында өз бизнесін ашты

Жарияланды

Фото: Автордан

Қазақстаннан АҚШ-қа барып, түрлі салада жетістікке жетіп, бизнесін дөңгелетіп отырған жастар аз емес. Солардың бірі, қарағандылық Айдын Есенгелді. АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатқан «Kursiv.media» тілшісі Гүлвира Биғалиева, кәсіпкерден арнайы сұхбат алған еді. Сұхбаттың видеонұсқасын төмендегі сілтемеден көруге болады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда талай бизнесті бастап, пандемияның кесірінен тақырға отырған Айдын ақшасыз, жұмыссыз қалады. Әлемді аралап, Қытайда білім алған ол қанша қиындықты бастан кешсе де, тәуекел етіп Америкаға жол тартқан.

Нью-Йоркқа келген күннен бастап, Қытай мен АҚШ арасын жалғайтын бизнес құрған Айдын Есенгелді «Yess» компаниясын құрып, түрлі керек-жарақтың барлығын осы компаниясы арқылы тасымалдайтын болды.

Үш түрлі бағытта бизнесін дөңгелетіп отырған белсенді жігіт енді үйленуді жоспарлап отыр. Айдынның Америкадағы жеткен жетістігі мен жеке өмірі туралы білгілеріңіз келсе сұхбатқа назар аударыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыз