Сәтті стартап жасаудың басты 6 құпиясы

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Он жерден керемет идея болса да, кейде оларды іске асыру қиын болып жатады. Өйткені жүзеге асырған кезде оны жан-жақты зерттеп, артықшылығы мен кемшілігін таразылап алу қажет. Сол тұрғыдан алып қарағанда әр стартапшыны зерттеуші десек болады. Ол іске асатын, табыс әкелетін, әрмен қарай ісі дөңгелеп кететіндей бизнес-модель іздейді. Бүгінгі материалымызда бизнес бастаған кезде қандай қадамдардан бастау керегін айтамыз. 

  1. Өзіңізден бастаңыз. Стартап деген — ұзақ жол. Ол аяққа тұрып кету үшін бір жыл емес, бірнеше жыл керек болуы мүмкін. Сондықтан ең бірінші кезекте сіздің идеяңыз өзіңізді алға сүйрейтін, мотивациясы жойылмайтындай болуы шарт. Айналаңызда қандай проблема бар? Оны шешуге сіздің стартап көмектесе ала ма? Айталық, тіл үйренуге қатысты болсын. Ол жерде қандай мәселе және шешім бар? Өзіңіз әбден эксперт болып алған саланың ішінен идея іздеңіз. Егер ондай идея жоқ, бірақ сіз көп ақшаға кенелгіңіз келсе, онда өкінішке қарай стартапыңыз көп ұзамай құлайды. 
  2. Идеяңызды тексеріп, сынап көріңіз. Идея бар, оны сипаттап шықтыңыз. Енді оны іске асыру үшін негізгі шектеулерді анықтауыңыз қажет. Оны эксперттік интервью мен бәсекелестерге анализ жасау арқылы істеген дұрыс. Бұл ретте қандай сұрақтарға жауап алу керек? Сіз ұсынып отырған шешім нарыққа қажет пе? Оны технологиялық түрде жүзеге асыра аласыз ба? Ұзақмерзімді кезеңді қарастырғанда ол сізге табыс әкеліп тұра ма? Міне, осы сауалдарды қойыңыз. Жауабын табу үшін былай істеуге кеңес береміз:
  3. Нарықтағы осыған ұқсас баламаларды табыңыз да, олардың бизнес-моделіне зер салыңыз. Сол бойынша Lean Canvas жасап, өнімі, монетизация моделі неден тұратынын анықтаңыз. Жалпы клиенттің құндылықты алғанға дейінгі жолы қалай салынғанын қараңыз. Бұл орайда сайттарға анализ жасауға — SimmilarWeb, SEMRush, мобайл қолданбаларға Sensor Tower, App Annie сервистерін қолданып көріңіз. 
  4. Саладағы эксперттермен сөйлесіп, ойыншылар арасындағы бәсекелестік факторларын түсініп алыңыз. Трекерлер нетуоркын пайдаланып, стартаптарды алға сүйреуге көмектесетін мамандармен тілдесіңіз. 
  5. Қолданушылармен сұхбаттасыңыз. Қазіргі бар шешімдерді қолданатындармен сөйлесіп, не нәрсеге көңілі толмайтынын анықтаңыз. Сонда сөз арасында айтылған пікірлерді түртіп алуға болады. Кейде осы жерден тоқтатқан дұрыс екенін түсінуіңіз де мүмкін. Сондықтан стартап үшін осы бөлім маңызды. Нарықтағы нишаны таптым деп сенімді бола түссеңіз, онда бизнес-модель жасауға кіресесіз. Айтқандай, алдыңғы қадамнан кейін сіз бір байламға келесіз. Олай болса, ендігі кезек — бизнес-модель жасауда. Клиент қалауына қарай өнімді ұдайы жақсартып отыру керек. Lean StartUp әдістемесінің негізінде осы жатыр. Сондықтан бұл қадамда осылай істеген дұрыс. Ол үшін не қыламыз? Барынша қарапайым өнім жасайсыз, таргет аудиториядан фидбек аласыз, алынған мәліметті зерттейсіз, сосын кем-кетігін түзейсіз. Мұндай итерация бір емес, бірнеше рет болуы қалыпты. Бастысы, тоқтамаңыз. Сіздің түпкі мақсат — клиент талабына толықтай сай келетін өнім жасау. Lean StartUp әдісі классикалық үлгіден сәл басқаша. Өйткені классика бойынша алдымен өнім жасалады. Одан кейін демо, сосын барып сату басталады (Build—Demo—Sell). Ал енді Lean StartUp бойынша тәртіп басқалай: демо өнім жасалады, сосын бірден клиент іздейміз, сосын барын реал өнімді дұрыстаймыз (Demo—Sell—Build).
  6. MVP жасаңыз. Бұл дегенімі — Minimum Viable Product немесе «минимум өміршең өнім». Яғни өнімнің ең бастапқы нұсқасы. Басы басталған, іске қосылған, клиенттерге көрсете беруге болады, қолдан біртіндеп сата беруге болады. Бұл кезеңде өнімді команда қолдан келгенше құрастыруы мүмкін. Айталық, чат-бот немесе қарапайым қолданда түрінде. Аталған этаптағы мақсат — өнімнің істеп тұрғанына және белгіленген проблеманы шеше алатынын тексеру. Осыдан кейін барып өнімді жақсартуға, файнал нұсқасын жасауға кіресесіз. Әдетте шамамен үш айдан уақыттан кейін болады. Әрине, әркімнің динамикасы әр түрлі. B2b-нарыққа бағытталған өнімдердің мерзімі сәл ұзағырақ болуы мүмкін. Нені пайдалануға болады? Low-code платформалар, конструкторлар мен сервистерді қолданып көріңіз. Мобайл қолданбалар жасауға —   Glide, Adalo, FlutterFlow, чат-боттарға  — BotFather, Integromat, ChatForma, AirTable, web-қолданбаларға — Tilda, AirTable, Integromat, Collabza.
  7. Серіктес табыңыз. Стартап негізін бірге қаласқан, co-founder табу басқа қадамдармен қатар жүреді. Ең ыңғайлысы үш мета-рөлі бар құрамды қолдану. Кәсіпкер: нарық мүмкіндіктерін біледі, команданы да, инвесторларды да алға сүйрейді. Мұндай адамдарда идея көп, үнемі басқаларды шабыттандырып жүреді. Технолог: шешім не технологияны жасайды. Олар клиент мәселесін шешуге бағытталады. Ұйымдастырушы: ішкі процестерді реттейді, мақсат қойып, соны іске асырумен айналысады. P&L-жоспар (Profit and Loss, кіріс пен шығын есебі) жүргізеді. Кейде бір адам екі рөлді қатар алып жүруі мүмкін. Бірақ үшеуін алып жүру өте қиын. Сондықтан серіктес керек. Осы үш рөлдің қайсысын жақсы жүргізе алатыныңызды ойлаңыз да, күшіңіз келмейтінін біреуге тапсырған абзал. Бастысы, таңдаңдан қателеспеңіз. Ол сенімді, мықты маман болсын.
Сондай-ақ оқыңыз