Еуропалық комиссия Суданға маңызды жүктерді жедел әскери қақтығыс жағдайында жұмыс істейтін гуманитарлық серіктестеріне жеткізу үшін әуе көпірінің іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
«Ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар мен баспана жабдықтарын қоса алғанда, 30 тонна қажетті заттар Дубайдағы БҰҰ қоймаларынан Порт-Суданға жеткізілді. Арнайы жүк ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдеріне берілді», – делінген хабарламада.