Халықаралық туризм қалпына келіп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында әлем бойынша 235 миллион саяхат жасалған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Халықаралық туризм биыл бірінші тоқсанда пандемияға дейінгі деңгейінің 80%-на дейін жетті, деп хабарлайды БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы.

«Жыл басынан бері туризм тез қалпына келіп жатыр. Көптеген аймақтарда біз пандемияға дейінгі деңгейге жақынбыз немесе одан да асып кеттік. Бірақ туризмнің қалпына келуіне кедергі келтіретін қиындықтар әлі де бар. Бұл: геосаяси тұрақсыздық, кәсіби кадрлардың жетіспеуі, көлік пен қонақүйде тұру құнының қымбаттауына әкеп соғатын инфляция», – деп түсіндірді UNWTO хатшысы Зураб Пололикашвили.

Әлем бойынша Таяу Шығыс ең жақсы нәтиже көрсеткен. Аймақ елдері бірінші тоқсанда туристерді 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға көп қабылдады. Еуропада туристер саны пандемияға дейінгі деңгейдің 90%-ына, Африкада – 88%, Америкада – 2019 жылғы деңгейдің шамамен 85%-на жеткен.

Азия-Тынық мұхиты аймағында жағдай әлдеқайда нашар. Бұл аймақта бірінші тоқсандағы сапарлар саны пандемияға дейінгі деңгейдің 54%-ға жетті. Дегенмен, UNWTO болашақта жағдай саяхатқа қойылған шектеулеп алынып және әсіресе Қытай туризмнің ашылуына байланысты жақсаруы тиіс деп отыр.

Ұйым сарапшылары биылғы жаз маусымы сәтті өтіп, 2022 жылғы көрсеткіштерден асып түседі деп есептейді. Бірақ халықаралық саяхат құнының өсуі туристерді арзанырақ сапар таңдауына ықпал етпек.

Дүниежүзілік туристік ұйымның жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы әлемде 960 миллион адам саяхаттап, халықаралық туризмнен түскен табыс 1 триллион долларға жеткен, Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 50%-ға артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 64%-ға өскен.

2022 жылы Қазақстан туризмінде рекорд орнатылған еді. Былтыр ішкі туристер саны 8,6 миллионға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп.

Елімізде 380 туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар.

Сондай-ақ оқыңыз