Қазақстан Баку порты арқылы экспортталатын мұнай көлемін 75%-ға ұлғайтты

Жарияланды

Фото: «ҚазТрансОйл» АҚ

Сәуір айында Ақтау портынан экспортқа кеткен мұнай көлемі 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 60,5 мың тоннаға немесе 24%-ға өсті. Осылайша жалпы көлем – 312,6 мың тоннаны құрады. Соның 152,4 мың тоннасы Баку портына жетті деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.

Соның ішінде Теңіз кен орнынан 115 мың тонна, 19,2 мың тонна Доңға кен орнынан және 178,3 мың тонна Бозашы түбегінің кен орындарынан жөнелтілген.

«Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің өсуі Баку порты бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда 87 мың тоннадан 152,4 мың тоннаға немесе 75%-ға ұлғаюы есебінен болды. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала порты бағытында 160,2 мың тонна мұнай жөнелтілді» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды.

Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды

Сондай-ақ оқыңыз