Жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй кешені маңындағы зауытты көшіру қарастырылуда – Досаев

Алматы қаласы маңындағы «Ақсай» карьері маңында тұратын тұрғындар мен «Алма сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауаның ластанып, экологиялық жағдайдың нашарлағанына шағымданды. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде көтерілді.
«Өткен жылы «Ақсай» карьерінің лицензисы аяқалған болатын. Бірақ соған қарамастан олар жұмысын тоқтатқан жоқ. Біз полиция өкілдерін шақырдық.Алайда карьер жұмысын жалғастыра берді. Ал бұл карьердің жұмысы кезінде ауаға қатты шаң көтеріледі. Соның әсерінен балалар көп ауырады. Мұндай экология онкологиялық ауруларға да әкелуі мүмкін. Біз Наурызбай ауданына қараймыз, ал карьер облысқа қарайды дейсіздер. Сонда біздің мәселемізді кім шешіп береді?» деді қала тұрғыны.

Сонымен бірге карьердің күнсанап, тереңдігі мен шекарасы үлкейіп бара жатқанын айтты.
Алайда қала басшысы бұл маңның қала аумағына кірмейтінін, бірақ Алматы облысы әкімдігімен ақылдаса отырып, бұл карьер мәселесін шешуге тырысатынын жеткізді. Ал карьердің үш ай бойы лицензиясыз жұмыс істегеніне қатысты:

«Президент жариялаған мараторийді өз мақсаттарында теріс пайдаланатын кәсіпкерлер бар. Бірақ мен дереу санитарлық эпидемиологиялық зерттеу жүргізуді тапсырамын. Сол жердегі ауаның сапасы тексеріледі», деді Ерболат Досаев.

Ал «Алма сити» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Әбдібай Меруерт өзі тұратын үйдің зауыттың іргесінде тұрғанын, ол маңның да экологиялық ахуалы нашар екенін айтып, шағымданды.

«Әкімдік үй тұрғызуға рұқсат бергенде, тура зауыттың қасынан жер берген. Мұндай ауасы таза емес жерге үй салуға қалайша рұқсат бердіңіздер? Ал ол үйде қанша ана, қанша бала тұрып жатыр? Бүгінгі күні біз терезе аша алмаймыз. Зауыттан келетін иіс өте жаман, қолқаңды алады», деді тұрғын.

«Бұл жер қалаға тиесілі болмаған. «QAZAQ STROY» компаниясының меншігі. Сіз целюлоза зауыты жайлы айтып отырсыз. Біз алдағы уақытта индустриялық аумақтың екінші кезеңін ашамыз. Алматы облысы әкімдігімен келісіп, ол зауытты көшіру мәселесін қарастырып жатырмыз», деді қала басшысы.

Ол жерде де санитарлық эпидемиологиялық стандарттаға сай келе ме, жоқ па тексеруін тапсырды.