АҚШ-та тәркіленген ресейлік кәсіпкердің 5,4 млр долларлық активі Украинаға беріледі

Жарияланды
Фото: архив Kursiv.media

АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд ресейлік кәсіпкер Константин Малофеевтің активтерін Украинаға беруге рұқсат берді.
Украинаның қажеттіліктері үшін берілетін алғашқы актив құны 5,4 миллион долларды құрайды.

«Ресейден тәркіленген бұл активтер – Украинаны қалпына келтіру үшін беріліп жатқан алғашқы қаражат. Бірақ соңғысы да емес», деді Гарланд.

Өткен жылдың маусым айында АҚШ Қаржы министрлігі Ресей олигархтарының 30 млрд долларға жуық активтерін бұғаттаған. Ал 2022 жылдың соңында бюджетке түзетулер енгізіліп, сенаторлар ресейлік бизнесмендердің тыйым салынған активтерін тәркілеуге мүмкіндік беретін түзетулерді бірауыздан мақұлдаған болатын. Енді тәркіленген сол соманың бір бөлігін Украинаға беруді жоспарлап отыр.
Константин Малофеев – Путин бастаған соғысты қолдайтынын ашық мәлімдеген кәсіпкерлердің бірі. «Царьград» телеарнасының негізін қалаған. 2014 жылдан бері АҚШ, ЕО және Канада тарапынан санкцияларға ұшырады. Ал өткен жылы АҚШ Әділет министрлігі Малофеевті Қырымдағы сепаратистік қозғалыстарды қаржыландырғаны үшін 2014 жылы енгізілген санкцияларды бұзды деп айыптап, есепшотындағы қаражатты бұғаттаған.

Сәуір айында Зеленский Украинаны қалпына келтіру үшін Ресейдің шетелдегі 14,1 млрд доллар активтерін сұраған еді. Ал, Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің шетелдегі активтері тәркіленген жағдайда, Ресейде орналасқан шетелдік активтерді уақытша басқаруға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз