Иран мен Ирак мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ИРИ мемлекеттік теледидарында Иран мұнай министрі Джавад Оуджи хабарлады..
«Келісім шеңберінде сондай-ақ газ және мұнай құбырларын салу, Ирак мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту көзделіп отыр», – деді ол.
Оның айтуынша, келісім энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ мұнай және газ кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді.