БҚДА «Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы» мен «Қазақстан темір жолын» тексеріп жатыр

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

2023 жылы «Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы» АҚ, «Dufri Central Age» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тимур Каленов мәлімдеді.

Сонымен қатар жыл басынан бері 5 нарық субъектісіне:

  1. «Қазақтелеком» АҚ-на – үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, атап айтқанда абоненттерге қосымша жабдықты (модем) салғаны үшін;
  2. «Әсем Тас Девелопмент» ЖШС-на («Орда Инвест Корпорациясы») – көрінеу жалған, әділетсіз және сенімсіз жарнама жасағаны үшін;
  3. «KazBitumGroup» ЖШС-на – бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетке барып, атап айтқанда битум бағасын белгілеп және стап тұрғаны үшін,
  4. «Petro Servise KZ» ЖШС-на – бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекетке барып, атап айтқанда битум бағасын алдын ала белгілеп және ұстап тұрғаны үшін
  5. «Астана-Аймақтық электр желілері компаниясы» АҚ-на – үстем жағдайды теріс пайдалану, атап айтқанда қол жеткізуді шектегені үшін ескерту жіберілген.

 Ал 2022 жылы барлығы 31 тергеу жүргізіліп, оның ішінде 23 тергеу аяқталған, 17 тергеу нәтижесі тиісті органдарға немесе сотқа жіберілді, ал 6 тергеу нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталмады. 2022 жылдан 2023 жылға өткен 8 тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 51 талдау жүргізген.

Жақында агенттік сөз байласып баға бекіткен компанияларға 33,8 млн теңге айыппұл салған. Жақында БҚДА басшысы ел экономикасының бүкіл саласында мемлекеттік монополия орнап жатыр деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз