Илон Масктің интернеті қазақстандықтарды қызықтыра ма?

Жарияланды
Придет ли интернет Маска в Казахстан

Фото: shutterstock.com

Америкалық миллиардер Илон Масктың Starlink интернет байланысы қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие болмайды. Мұндай пікірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков білдірді.

Сенат кулуарында вице-министр қазіргі кезде Масктың SpaceX компаниясымен Starlink спутниктік интернетін Қазақстанға қосу мүмкіндігі туралы келіссөз жалғасып жатқанын айтты.

Олжабеков аталмыш жүйенің Қазақстанда жұмыс істеуі үшін бірқатар техникалық мәселені шешу қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, спутниктердің өздеріне байланыс сигналын көтеретін шлюз станциясын орнату керек.

Вице-министр SpaceX қазақстандық нарықтың тартымдылығы мәселесін шешіп, осында өз жүйесін орналастырып жатқанын атап өтті. Компания мамандары нарық сыйымдылығы мен күтілетін пайданы есептеп жатыр.

«Біз олармен келіссөз жүргізіп, ел заңнама бойынша түсіндірме бердік. Компания Қазақстанда жұмыс істеуі үшін салықты азайту жұмыстарын жүргіздік. Бұл ретте радиожиілік спектрін пайдалану туралы айтып отырмыз. Біз олардың шешіміне әсер ете алмаймыз» – деді вице-министр.

Мәлік Олжабеков SpaceX компаниясы биыл спутниктік интернет мәселесін қарастыруға ниетті екенін атап өтті.

Вице-министр сондай-ақ қазір байланыс сапасының қандай болатынын болжау қиын дейді. Сондай-ақ ол Маск қазақстандық компаниялардан абоненттердің басым бөлігін «тартып ала алмайтынына» сенімді.

Өйткені Starlink-тен тарайтын интернет құны жоғары. ARPU (қолданушыға шаққандағы орташа табыс) тұрғысынан Макс интернеті шамамен $100 тұрады, ал қазір әрбір абонент Интернет үшін айына 15 доллардан аспайтын ақша төлейді.

Олжабеков бұл интернет байланысы бизнесмендер мен заңды тұлғаларды қызықтыруы мүмкін екенін атап өтті, өйткені Starlink құны кәсіпкерлердің қазіргі шығынымен салыстырмалы түрде бірдей.

Биыл ақпан айында америкалық Falcon 9 зымыран-тасығышы Жердің төменгі орбитасына 55 Starlink спутнигін шығарғаны хабарланған болатын.

Starlink интернет желісін Солтүстік Америка, Еуропа, Қиыр Шығыс және Австралия сияқты 47 ел тұрғындары пайдалана алады. Пентагонның мәліметінше, бұл жерсеріктердің қызметтерін АҚШ әскерилері де белсенді қолданады.

2021 жылдың күзінде Transtelecom Қазақстанда Starlink үшін бес базалық станция салуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Олар Астана, Алматы, Ақтау, Орал және Қызылорда қалаларында орналасуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз