«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2022 жылы 22,4 млрд теңге таза пайда тапқан

Жарияланды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның 2022 жылғы таза пайдасы 22 млрд 392 млн теңгені құраған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 8 млрд 200 млн теңге болған. Қор табысы бір жылда 14 млрд 132 млн теңгеге өскен. Бұл деректер «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның 2022 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепте келтірілген. Аудиторлық есеп Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған.

Қордың меншікті капиталы да өскен, 2021 жылы ол 137,7 млрд теңгені құраса, былтыр 205 млрд теңгеге жеткен. Жиынтық актив көлемі де артып, 889,5 млрд теңгеден бір жыл ішінде 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жиынтық міндеттемелері көлемі артып, 1 трлн 151 млрд теңгені құраған

«Компанияның 2022 жылға қаржылық есебі аудитін «КПМГ Аудит» ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есептілік 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС-ке сәйкес көрсетілген күні аяқталған жыл үшін ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді» ,делінген хабарламада.

Өнеркәсіпті дамыту қоры 2020 жылы Индустриялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған қаржы операторы – «ҚДБ-Лизинг»АҚ негізінде құрылған.

Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы және «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі»АҚ құрылымына кіреді. Оның қызметі қаражат, оның ішінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде жиналатын қаражат есебінен 3% – дан аспайтын мөлшерлеме бойынша серпінді өңдеуші кәсіпорындарға қолжетімді кредит беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз