Мемлекеттік еңбек инспекторлары ӨзенМұнайГаз бен мердігер ұйымдарда 130-дан астам еңбек заңнамасы бұзылған жағдайды тіркеді. Бұл туралы ҚМГ тобының телеграмм арнасы хабарлады.
ӨзенМұнайГаз жұмысқа орналасу кезінде ережені бұзу фактілері анықталған.
«Атап айтқанда, жалған сертификаттар мен жергілікті оқу орындарында оқығаны туралы куәліктер қолданылған болуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша материалдар Жаңаөзен қаласының прокуратурасына жолданды. Сонымен қатар, салалық мамандықтар бойынша персоналды жұмысқа алу процесін тексеру кезінде қабылданған 238 адамның 50-ге жуығы мамандық бойынша жұмысқа орналаспағаны немесе кейіннен басқа лауазымдарға ауыстырылғаны анықталды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жаңаөзендегі ҚМГ жұмыс тобының құрамы өнеркәсіптегі қауіпсіздік, экология және СЭС саласындағы сарапшылармен толыққаны айтылған.
Бұған дейін ҚМГ жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» бен Жаңаөзеннің мердігер ұйымдарында бірқатар заң бұзылғанын анықтағаны хабарланған еді. Атап айтқанда компания штатына кезектен тыс немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа алған.