Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады

Жарияланды
Шымбулак
Фото: архив Kursiv.media

14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің әкімшілігі аспалы жолдардың жыл сайынғы профилактикалық жөндеуге жабылатынын хабарлады.

«Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын – біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 15 мамырдан 31 мамырға дейін – «Медеу-Шымбұлақ» және «Комби-1» аспалы жолы. 15 мамырдан 9 шілдеге дейін – «Комби-2» аспалы жолы жөндеуге жабылады.

ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін, 1 сәуірден бастап, Шымбұлақ аумағына кіруге тек электромобильдер және шұғыл қызмет көрсету бөлімдерінің арнайы техникасының ғана кіруіне рұқсат берілетіні хабарланған болатын.

Шымбұлақ – ТМД-дағы ең танымал таң-шаңғы курорттарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз