Жаңалықтар

TSSP дүкендер желісінің таза пайдасы бір жылда 2%- ға өсті

2022 жылы TSSP дүкендер желісінің таза пайдасы 2% – ға, яғни 932,9 млн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы KASE сайтында жарияланды.

Кіріс 2021 жылмен салыстырғанда 48,6% – ға, 18,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Компанияның активтері 32% – ға, 12,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал міндеттемелер де 32% – ға, яғни 10,1 млрд теңгеге дейін өсті. 2021 жылдың аяғынан 2022 жылдың соңына дейін меншікті капитал 32,7% – ға, 2,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Компания 2003 жылы құрылды. TSSP крмпаниясы құралдар мен құрылыс жабдықтарын жеткізуші. Бүгінгі таңда компанияда 13 дүкен және Alteco деп аталатын бір бренд бар. Сондай -ақ, компанияның 11 филиалы бар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Түркістан және Шымкент қаласында.