Биыл Алматыдан әскери қызметке 3000 адам шақырылады

Жарияланды

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда Алматыдан 760 сарбаз әскери қызметшілер қатарын толықтырды. Бұл туралы д «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Алматыдан биыл мерзімді әскери қызметке кейінге қалдыруға құқығы жоқ 3000 адам әскерге шақырылады. Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздар шақыруға жатпайды. Бүгінгі таңда біз ҚР Қарулы Күштерін, ҰҚК Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін, ТЖ министрлігін, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланын жасақтаймыз. Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызмет өткеретін 760 сарбаз әскерге шақырылды», – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алмалы ауданы қорғаныс істері басқармасының бастығы полковник Айдар Мүсірепов.

Сондай-ақ, спикер күзгі шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жүргізілетінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз