Британдық азамат Джон Дудас «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі құрамынан шығарылды

Жарияланды
Фото: Архив Kursiv.media

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Астана) Жалғыз акционердің 2023 жылдың 01 мамырдағы шешімімен Джон Дудас Компанияның Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылғанын KASE-ге хабарлады», делінген ақпаратта.

Енді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесі алты адамнан тұрады және директорлар кеңесі құрамында итальяндық Лука Сутерадан өзге шетелдік азамат жоқ. Сонымен ендігі құрам мынадай: Әлихан Смайылов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Тимур Сүлейменов, Нұрлан Жақыпов.

Естеріңізге саламыз, сәуір айының басында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» Басқарма төрағасы ауысқан еді. Энергетика министрі болып тағайындалған Алмасадам Сәтқалиевтің орнына Нұрлан Жақыпов келген.

Ал, бұл жолы директорлар кеңесі құрамынан шығарылған Ұлыбритания азаматы Джон Дудас 2020 жылдың ақпан айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін аз уақыт атқарған еді. Дудас оған дейін «ҚазАтомӨнерКәсіп» Директорлар кеңесін басқарған еді.


Сондай-ақ оқыңыз