Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу қызметі іске қосылды

Жарияланды
Фото: Архив Kursiv.media

Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу функционалы пайда болды. Оған пилоттық режимде Қостанай және Жамбыл облыстарының фермерлері ЖЖМ-ге өтінімдер беріп жатыр. Қызметті одан әрі пайдалану кезінде қателіктерді болдырмау үшін режим әзірше сынақтан өткізілетін болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.    

Сондай-ақ, Gosagro.kz жүйесінде субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды «бұғаттау» функционалы іске қосылды. Бұрын жеке жүйеде мұндай механизм болмаған, бұл ЭШФ-ны қайтарып алуға және әртүрлі манипуляцияларға мүмкіндік туғызды.

Ақпаратқа сәйкес, өтінімдерді қабылдау ашылған сәттен бастап жүйеде субсидиялау қағидаларына сәйкес бүкіл ел бойынша фермерлер 28 447 өтінім берді, 20 767 пайдаланушы тіркелді. «Күту парағына» сәйкес, 57,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды (төленді).

 Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 355 қаржы институты (АКК, КАФ, ЕДБ, кредиттік серіктестіктер) тіркелді. Олар Ауыл шаруашылығы басқармаларына 2 891 өтінім беріп, 16,3 млрд теңге субсидия төленді, тағы 22,4 млрд теңгеге өтінім мақұлданып, төлемді күтіп отыр.   

Сондай-ақ оқыңыз