Жаңалықтар

Мамыр айында Ұлттық қордан 750-800 млн АҚШ доллары сатылуы мүмкін

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 750-800 млн АҚШ доллары сатылады деп болжап отыр. Өткен айда Ұлттық қордан 600 млн АҚШ доллар сатылған немесе күніне 30 млн АҚШ доллардан аспаған. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып өтті.

Сәуір айында БЖЗҚ үшін валюта сатып алу 240 млн АҚШ долларын құрады. Мамыр айында зейнетақы активтері үшін сатып алуды сол – 200-250 млн АҚШ доллары деңгейінде жалғасады.

«Сәуір валюта нарығы орташа құбылмалылықпен сипатталды. Теңге бағамы 453,21-ге дейін 0,1%-ға  аздап әлсіреді.  Теңге бағамы нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасты. Ұлттық Банк интервенция жүргізген жоқ. Валюталық түсімінің бір бөлігін өткізу бойынша міндеттемелерін орындау аясында квазимемлекеттік компаниялардың сатуы сәуірде 295 млн АҚШ долларын құрады», дей Молдабекова.

Наурыз айымен салыстырғанда, сәуірде сыртқы нарықтағы жағдайлардың құбылмалылығы төмен болған. АҚШ пен ЕО банк жүйесінің тәуекелдеріне қатысты қауіптенуі бәсеңдеп, ФРЖ саясатын күшейту циклінің жақын арада аяқталуы жөніндегі күтулердің аясында әлемдік валюта нарығында тыныштық байқалды. Дамыған және дамушы елдердің валюталары бір ай ішінде нақты бағытсыз өзгеріп отырған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ұлттық қордағы валюталық активтер көлемі өткен айда 300 млн долларға ұлғайып, сәуір айының соңында 58,7 млрд АҚШ долларын құрады.

«Тәуекел дәрежесінің бірқалыпты өсуі – акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ, алтынды оң қалпында қайта бағалауға әсер етті. Сөйтіп, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі сәуір айында 441 млн доллар болды. Бұдан басқа, активтердің өсуіне Ұлттық қорға түскен валюталық түсімдер ықпал етті. Олардың мөлшері сәуірде 457 миллион АҚШ долларын құрады. Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 393 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 600 миллион АҚШ долларына шетел валютасы сатылды», дейді ҰБ төрағасының орынбасары.