Жаңалықтар

Сәуір айында KASE-дегі сауда-саттық көлемі 28,0 трлн теңгені құрады

Фото: Kursiv.kz

Сәуір айында KASE-дегі жиынтық сауда-саттық көлемі 28,0 трлн теңгені құрап, наурыз айымен салыстырғанда 15,9 %-ға немесе 3,8 трлн теңгеге өскен. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 2023 жылдың сәуіріндегі қызметтің негізгі қорытындысын жариялады.

«2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 22,8 трлн теңгені (50,0 млрд USD) құрады, бұл өткен айдың ұқсас көрсеткішінен 1,2 трлн теңгеге немесе 5,7 %-ға жоғары. Өсудің негізгі үлесі индекстік компанияларға, олардың акцияларының бағасын түзету арқылы, тиесілі болды», – делінген хабарламада.

Сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі 42,1 млрд теңгені құрап, наурызбен салыстырғанда 2,7 есе немесе 26,2 млрд теңгеге жоғары болған. Мәмілелер саны 45,7 %-ға өсіп, 62 243-ке жетті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 2 103,7 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 3 112 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 676,0 мың теңгені құраған. Сәуір айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.

Өткен айда KASE Индексінің де мәні 6,2 %-ға өсіп, 3 559,90 тармақты құраған. Ай қорытындысы бойынша индекс қоржынындағы тоғыз компанияның сегізі жасыл аймақта жабылды. Көптеген компаниялар 2022 жылға дивиденд төлемдердің алдын-ала мөлшерін жариялап сонымен қатар 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелерді ұсынған

«2023 жылдың сәуірде индекстік акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 40,5 млрд теңгені құрады, бұл 2023  жылдың наурызындағы көрсеткіштен 2,7 есе немесе 25,5 млрд теңгеге жоғары», дейді Қазақстан қор биржасы.

Биржада ең көп сатылған – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жай акциялары, Сауда-саттық көлесі 36,1 млрд теңге болған.

ЭмитентСауда-
саттық
коды
Бағасы, бір акцияға теңгеменСауда-саттық көлемі, млн теңге
01.05.23 ж.б.01.04.23 ж.б.Δ, %сәуірнаурызΔ
«ҚазТрансОйл» АҚKZTO754,99640,03+18,0179,0499,3+320,4
«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚHSBK156,00136,86+14,01 263,81 601,4+337,6
«ҚазМұнайГаз» ҰК » АҚKMGZ10 129,009 320,00+8,710 752,636 091,1+25 338,5
АҚ Kaspi.kzKSPI37 000,0034 702,66+6,6208,2219,8+11,6
«Kcell» АҚKCEL1 872,111 790,00+4,61 043,11 120,7+77,6
«Қазақтелеком» АҚKZTK29 999,3629 034,00+3,3187,5305,8+118,3
«Банк ЦентрКредит» АҚCCBN685,00680,00+0,7944,0204,9-739,1
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚKZAP13 438,9913 386,99+0,4370,4359,5-10,9
«KEGOC» АҚKEGC1 618,001 618,02-<0,1105,3124,2+19,0

KASE сауда-саттық тізімдерінде 222 эмитенттің 602 аталымдағы мемлекеттік емес бағалы қағазы бар.

«Сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 5,7 %-ға 22,8 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,9 %-ға 13,4 трлн теңгеге дейін өсті», делінген хабарламада.

Бір айда Орталық депозитарийде жеке тұлғалардің 17 874 жаңа дербес шоты ашылып, жалпы саны 329 024 жеткен.