S&P 500 бен Dow Jones 0,2-0,7% жоғалтты
Бейсенбі күні S&P 500 бен Dow Jones индексі 0,7 және 0,2% төмендеп, ал Nasdaq Composite 0,18% қымбаттады.
PacWest банкі мамыр айының басында қаржы ұйымынан депозиттер кетіп жатқанын хабарлап, инвесторлардың қорқынышын одан әрі күшейте түсті. Нәтижесінде банк акциялары 22,7%-ға арзандап кетті. Disney акциялары да бірінші тоқсанда жазылушылардың қатары сирегені туралы хабардан соң, 8,7% жоғалтты. Google компаниясының бас компаниясы Alphabet акциялары жасанды интеллектті қолданатындардың қатары артып келе жатқаны жайлы мәліметтен кейін, бірден 4,3%-ға қымбаттады.
Өткен тәулікте DAX индексі 0,4%-ға төмендесе, ал Stoxx 600 өзгеріссіз қалды, өйткені шикізат компаниялары акцияларының арзандауы үйге арналған тауар шығаратын компаниялар акцияларының өсуімен өтелді. Шыңжаңдағы зауытта адам құқықтарының тапталуына наразылық білдірген белсенділердің компания акционерлерінің жылдық жиналысын тоқтатып тастаған соң, Volkswagen акциялары шамамен 5%-ға арзандады. Англия банкі мөлшерлемелерді 25 базисті тармаққа көтеріп, 4,5%-ға дейін жеткізді.
Nikkei 225 индексі жұмада 0,9%-ға көтеріліп, 29 373-тен жоғары болды, ол технологиялық компаниялар акциядарының қымбаттауының арқасында 17 айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті: Tokyo Electron (2,2%), Keyence (3%), Advantest (3,4%).
Shanghai Composite жұма күні 0,5%-ға төмендеп, 3300-ден төмен түсті. CSSC Science & Technology (-9,9%), Zhejiang Jinke (-9,5%), Beijing Jetsen (-6,8%) және Unigroup Guoxin (-5%) компаниялары айтарлықтай шығынға ұшырады.
KASE индексі 0,6%-ға төмендеп, 3 586,03 тармақты құрады. Акциялары қор индексіне енген алты компания акциялары арзандады.
Лондон қор биржасында Halyk Bank GDR құны 1,9%-ға, $13,96-ға дейін, Kaspi акцияларының құны – 0,7%-ға, $83,6-ға дейін, Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздарының бағасы – 0,7%-ға, $29,2-ға дейін өсті.