Украина Дүниежүзілік банктен 132 миллион доллар несие алды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығын қолдауға жұмсалады, деп хабарлады жұма күні елдің қаржы министрі Сергей Марченко.
«2023 жылы 11 мамырда Украина Дүниежүзілік банктен 132 миллион доллар қаржы алды. Қаражат Украинаның мемлекеттік бюджетінің жалпы қорына «ауыл шаруашылығы бойынша жеке инвестицияларды жеделдету» бағдарламасы аясында көзделген іс – шараларды орындау үшін қажет», – деді Марченко.
Министрдің айтуынша, қаражат азық-түлік өнеркәсібіндегі жағдайды жақсарту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы секторындағы басым шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.