Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                             
Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды. Линда Яккарино компанияның жаңа басшысы болды. Ол осы уақытқа дейін американдық NBCUniversal медиа корпорациясының жарнамалық бағытының жетекшісі болған. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көруге қуаныштымын!», – деп жазды Илон Маск Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды.
