Каспий теңізінде итбалықтар мен балықтар қырылып жатыр
Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды»,-делінген хабарламада.
Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Табылған теңіз жануарларының өлімге ұшырағандарының көпшілігі бекіре балық түрлерінің де қатты ыдырау және шіру сатысында болғандықтан, сынама алу мүмкін болмады.
Бұл ретте Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері өлімге ұшыраған итбалық ұшаларынан сынама алу мүмкін болған бір данасынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзаларын (бауыр, өкпе), ал гидробиология және экология институты тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тістері мен тырнақтарын, жүнін алды.